Талғар ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен бірлесіп «Өзіндік монополистерді көлеңкеден шығару» жобасы аясында 3 мыңнан астам тұрғынның электр энергиясы үшін ақы төлеу бойынша бұзушылықтарды анықтады.
Белгілі болғандай, 1140 абонент трансформаторларға қосылған 3 жалпы есептегіш арқылы электр энергиясы үшін төлегені анықталып, шығындардың біркелкі бөлінбеуіне әкеп соқтырған, ал тұтынушылардың бірі төлемеген жағдайда барлық тұрғындарда электр жарығы сөндірілетін.
Прокуратураның бастамасы бойынша 3 трансформатор коммуналдық меншікке беріліп, абоненттерге жеке шоттар ашылып, жеке есептегіштер орнатылды.
Сонымен қатар авариялық жағдайда болған және жиі істен шыққан 90 мыңнан астам тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз ететін 64 иесіз трансформатор анықталды.
Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде 12 мың азаматқа қосылған 8 трансформатор әкімдіктің меншігіне жөндеу және одан әрі қызмет көрсету үшін берілді. Қалғандары беру процесінде.
Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп