Алматы облысының прокурорлары кезекті инвесторға құны 10 миллион доллар болатын жобаға көмектесті

Алматы облысының прокурорлары кезекті инвесторға құны 10 миллион доллар болатын жобаға көмектесті

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

​            Басты міндет-табысты инвестициялық ахуал құру және инвесторлардың заңды құқықтарының бұзылуына жол бермеу.

​            Мәселен, 2023 жылдан бастап желдеткіш зауыттың базасын электр беру желілеріне қосуға рұқсат ала алмаған  «АВЗ» ЖШС инвесторының құқықтары қорғалған.​

​            Прокуратураның бастамасымен ағымдағы жылдың наурыз айында аталған мәселе бойынша жұмыс кездесуі өткізілді, онда базаны параллель электр желісіне қосу туралы шешім қабылданды.

​            Бүгінгі таңда инвестор техникалық шарттарды қайта келісіп, желілерге қосылуға рұқсат алды.

Басқа жағдайда, ЖАО-ға кіруді шектейтін және зауытқа кіруге кедергі келтіретін үшінші тұлғаларға жер учаскесін беруге жол берілмеді.

Жалпы, «АВЗ» ЖШС ел экономикасына 10 млн доллар инвестиция салып, 147 жұмыс орындарын ашты.

Осы бағыттағы қадағалау қызметі жалғасуда және ерекше бақылауда.