Іле, Қарасай және Талғар аудандарында 180 мыңнан астам абонентке су және электрмен жабдықтау бойынша 92 еркін монополист және 244 иесіз трансформатор сапасыз қызметтер көрсеуде.
Мұндай фактілерді облыс прокуратурасы Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайында инженерлік желілерді жаңғырту қажеттілігі, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін азаматтар мен бизнес үшін жақсарту туралы тапсырмалар берілген «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» тапсырмасын орындау кезеңінде бірінші кезекте белгілеген.
Бұл мәселе жүйелі және жылдар бойы жинақталған.
Негізгі себеп жаңа елді мекендерді құра отырып, Алматы қаласының айналасындағы хаотикалық құрылыс болды.
Кәсіпкер азаматтар монополияға қарсы органның рұқсатынсыз, байланыс желілерін тартып, тарифтерді өз еркімен белгілей бастады.
Көптеген азаматтар жылдар бойы жөнделмейтін, жаңғыртылмайтын,қараусыз,иесіз қалған желілерге қосылған.
Бұл азаматтар өз қалауы бойынша еркін монополисттермен белгілеген тарифтерді төлейді және тозығы жеткен трансформаторлардан электр энергиясын алады.
Осы проблемаларды шешу үшін облыс прокуратурасы әкімдікпен және уәкілетті органмен бірлесе отырып, «еркін монополисттерді «көлеңкеден шығару» жобасын бастады.
Бұл тарифтерді реттеуге, желілерді жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етуге, бюджетке салықтардың түсуін, ең бастысы тұрғындар үшін алынатын қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобаны орындау аясында сандар өседі, алайда бұл жинақталған мәселенің ауқымына жарық беріп, оны шешу үшін нақты суретті көруге мүмкіндік береді.