Бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын иемденгені үшін сотталды

Бухгалтер кәсіпкерлердің ақшасын иемденгені үшін сотталды

​Ұйғыр аудандық орталық аурухананың бухгалтері Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың қаражатын 90 млн.теңге көлемінде бергені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
​Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.
​Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген.
​Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн. теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет.
​Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.
​Анықтама үшін: мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді.
Бұл енгізілген қаражат мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады.