Алматы облысының прокуратурасымен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Алматы облысының прокуратурасымен «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда

Алматы облысының прокуратурасымен Полиция департаменті және басқа мүдделі органдарымен бірлесіп «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы жүзеге асырылуда.

Әр ауданда және Қонаев қаласында прокуратура, полиция, қорғаншылық және қамқоршылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, психологтар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа мүдделі органдардың қызметкерлері қатарынан мобильдік топтар құрылды.

         Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған, оның негізгі мақсаты зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау болып табылады.

Мобильдік топтар бір айда 400 астам отбасыны тексерді, оның ішінде полиция және пробация органдарында есепте тұрған тұлғалар, тұрмысы қолайсыз, толық емес және табысы аз отбасылар, сондай-ақ балалар өгей әкелермен тұратын отбасылар.

         Мысалы, Іле ауданында аштан жүдеу, сөйлеуге және жүруге мұршасы қалмағанған 6 жасар Ч.М. анықталды.  

         Бала жедел түрде «Екі жақты пневмония» диагнозымен аудандық ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді.

         Ата-ана ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-ана құқықтарын шектеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Райымбек ауданында үш баласы аштан жүдеу отбасы анықталды. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, қысқы қиім сатып алынды, екі бала жазылған соң балабақшаға, ал үлкені мектеп интернатқа орналастырылатын болады.

Балқаш ауданында үш отбасында өгей әкелер балаларды ұрып-соққаны анықталды, полиция органдарымен кінәлі тұлғаларға қатыcты ӘҚБтК 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды.

Жалпы, біріккен рейдтер нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке 51 ата-ана тартылды, оның ішінде:

  • 38 тұлға ӘҚБтК 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау);

- 7 тұлға ӘҚБтК 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу);

- 3 тұлға ӘҚБтК 73-2-бабы бойынша (Ұрып-соғу);

- 2 тұлға ӘҚБтК 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы);

- 1 тұлға ӘҚБтК 73-1-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру).

Жауапсыз ата-аналардан 15 бала алынды, сотқа ата-ана құқықтарын шектеу туралы 7 талап қою берілді.

Азық-түлік, көмір және балаларға жылы киім түрінде материалдық көмек 86 отбасыға көрсетілді.

Медициналық тексеруден 901 бала өтті, 16 бала ауруханаға жатқызылды.

Тұрғын-үйге кезекке 152 бала қойылып, 2 отбасыға тұрғын-үй алуға көмек көрсетілді.

Балалардың қатысуымен 8 іс-шара өткізілді, прокурорлар мектептерде түрлі тақырыптарда 496 дәріс оқыды.

Алматы облысы прокуратурасының QR-коды барлық білім мекемелерінде орналасқанын айта кеткен жөн, ол арқылы ай сайын азаматтардан 10 жуық түрлі құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарламалар түседі, соның ішінде буллинг, қорқытып алу, ақша жинау және басқалар.

Бұл сигналдар прокурорлармен көп ұзамай тексеріліп, расталған жағдайда прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.

Заманауи  технологияларды енгізу құқық бұзушылықтардың алдын-алуы мен ашуына оң септігін тигізетінін тәжірибе көрсетті.

Облыс тұрғындары біздің жобаға қатыса алады.

Ол үшін балаларға қатысты құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы бізге +7-777-012-35-91 нөмірі немесе almaty_obl_prok «Instagram» парақшасы арқылы хабарлау қажет.

Анонимділік кепіл етіледі.