Алматы облысының прокуратурасы сотталған №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады.

Сонымен, 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн. теңгеден астам сомаға 200-ге жуық алаяқтық іс-қимыл жасағаны анықталды.
Бұл дерек 02.03.2023 жылы мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4 – тармағының 190-бабы 3-бөлігі - “алаяқтық” бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.
Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталғаннн Ж.А.Ш.-дан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.
Қазіргі уақытта сотталғандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін біздің өңір бойынша және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізілуде.
Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері "қызмет бойынша әрекетсіздік" - ҚР ҚК 370 – бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.