"Жол қозғалысының қауіпсіздігі" жобасы жалғасуда

"Жол қозғалысының қауіпсіздігі" жобасы жалғасуда

Алматы облысының прокуратурасымен және полиция департаментімен «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасын іске асыру жалғасуда.

Бір айда мобильдік топтармен 28 шығулар жүзеге асырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 153 бұзушылықтар анықталды, олардың 30 жойылды.

Мысалы, Қарасай ауданы Шамалған теміржол өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылған.

«Алматы-Жандосов» жолында Қаскелең қаласының бұрылысында бағдаршам орнатылды.

Әкімшілік полициямен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жаяу жүргіншілер өткелі және басқа да шектеуші жол белгілерінің жоқтығы фактілері бойынша ұйғарымдар енгізілді.

Райымбек және Жамбыл аудандарының мобильдік топтарымен малды сәуле шағылыстыратын таспамен қамсыздандыру бойынша жұмыс атқарылды, бұл жүргізушілерге түнгі уақытта ЖКО алдын алу бойынша шараларды уақтылы қолдануға мүмкіндік береді.

Жоба шеңберінде жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп 29 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, нәтижелері бойынша 360 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 30 көлік құралын масаң күйде жүргізу үшін.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.