Алматы облысының прокуратурасы «Заң бойынша жер» жобасын іске қосты

Алматы облысының  прокуратурасы «Заң бойынша жер» жобасын іске қосты

Алматы облысының прокуратурасы «Заң бойынша жер» жобасын іске асыруды бастады.

Жобаның негізгі мақсаты - Алматы қаласының қала маңы аймағының ауыл шаруашылығы жерлерін бақылаусыз шығару, заңсыз сегменттеу және игеру практикасын тоқтату арқылы жерді заң бойынша пайдалануды қамтамасыз ету.

Жобаның іске қосылуы жер, сәулет заңнамаларының орын алып жатқан көптеген бұзушылықтарына байланысты.

Алматы қаласының қала маңындағы аудандарда қала құрылысы құжаттамасын заңсыз түзету тәжірибесі қалыптасқан.

Мұның бәрі бұрын анықталған функционалды аймақтардың бұзылуына әкеледі.

Мәселен, әлеуметтік объектілер - мектептер, ауруханалар, саябақтар үшін көзделген жерлер тұрғын үй құрылысы мен коммерциялық объектілер үшін өзгертіледі, кейіннен коммуналдық инфрақұрылымға, жолдарға, әлеуметтік объектілерге жүктемені ескермей бақылаусыз түрде салынуда.

Біздің басты мақсат сабептерін анықтап оларды жоюға бағытталған шара қолдану.

 

Жоба екі бағыт бойынша іске асырылатын болады:       

- біріншіден заңнама нормаларын бұза отырып, жерді пайдалануға ықпал ететін себептерді және бұл әрекеттерді жалған заңдастыруға әкеп соғатын жергілікті атқарушы органдардың актілерін анықтап Алматы қаласының қала маңы аймағының елді мекендерін бақылаусыз салуға әсерін зерделеу.

- екіншіден  жерді бұза отырып пайдалану жөніндегі іс-қимылдарға ықпал ететін не заңдастыратын нормативтік және заңнамалық актілерді, оның ішінде Алматы қаласының қала маңы аймағының елді мекендерін бақылаусыз салуға жағдай жасайтын нормаларды анықтау.

 

Жобаны іске асыру барысы және түпкілікті нәтижелер туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ететін боламыз.