Алматы облысының кәсіпкерлерінен жарнама үшін салықтар заңсыз өндіріліп отырған

Алматы облысының кәсіпкерлерінен жарнама үшін салықтар заңсыз өндіріліп отырған

Облыс прокуратурасымен салық органдары тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін жарнама үшін заңсыз салықтар өндіру деректері анықталды.

         «Жарнама туралы» Заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және маңдайшалар оларға қатысы жоқ екені көрсетілген.

         Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінің жарнамалары туралы ақпаратты мелмекеттік кірістер органдарына жолдаған кезде, маңдайшаларды да жарнама ретінде көрсеткен.

         Осындай заң бұзушылықтар 220 кәсіпкерге қатысты орын алып, прокуратураның қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні 60 кәсіпкердің дербес шоттарына заңсыз өндіріп алынған салықтар артық төлем ретінде есептелді.

         Бизнес субъектілеріне «Жарнама туралы» Заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы жармаға жатпайтынын түсіндіреміз.

         Осындай салықтарды төлеуге міндеттеген кезде прокуратура органдарының кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған мобильді топтарға жүгінуді  келесі байланыс телефонына 87071777101 хабарласуды сұраймыз.