Алматы облысының прокуратурасы Интернет-казино қызметін тоқтатты

Алматы облысының прокуратурасы Интернет-казино қызметін тоқтатты

Алматы облысының прокуратурасы интернет кеңістігінің мониторингі барысында еліміздің барлық аумағында қол жетімді 12 интернет-казиноның (istory, legzo.casino, izzicasino, roxcasino, jet.casino, sol100.casino, fresh.casino, marvelousplay, superboss, caadrs, go24-cllub, kaea) қызметін анықтап, жолын кесті.

Республика аумағында электронды және интернет-казино қызметіне заңнамалық тыйым салынғанына қарамастан, онлайн режимдегі сайттар құмар ойындарды заңсыз ұйымдастырған.

Осыған ұқсас тәсілмен облыс прокуратурасы есірткі құралдарын сатумен, порнографиялық материалдарды заңсыз насихаттаумен, төлем жүйелерінің жалған түбіртектерін дайындаумен, суицидтерді насихаттаумен және есірткі заттарын жеткізу-тасымалдау жұмысына орналастыру туралы хабарландырулармен айналысатын басқа да заңсыз интернет сайттарды бұғаттауға шаралар қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, облыс аумағында Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен "Киберпатруль" қадағалау-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, ол қауіпсіз интернет-кеңістік құруға, интернет сегментіндегі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және осы бағыт бойынша халықпен ағартушылық жұмыстарға атқаруға бағытталған.

Заңсыз интернет-сілтемелері анықталған жағдайда төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Ұялы телефон: 8-778-200-20-43;

Whatsapp, Telegram: 8-708-505-50-22.