Облыс прокуратурасы 300 млн теңгеден астам Мемлекеттік қаражатты жымқырған азаматтың (мемлекеттік қызметкер) әділ жазалануына қол жеткізді

Облыс прокуратурасы 300 млн теңгеден астам Мемлекеттік қаражатты жымқырған азаматтың (мемлекеттік қызметкер) әділ жазалануына қол жеткізді

Алматы облыстық сотында

Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн.теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін әділ жаза тағайындалды.

​Облыс прокуратурасыменен қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы облыстық сотында «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ бұрынғы бастығы С.Дарменовқа қатысты айыптау үкімі шықты.

2021 жылы Талдықорған қалалық сотымен «МК-Buid-Д» ЖШС басшылары Қ.Менлибаев, А.Космамбетов мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде иемденгені үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзіміне сотталды, ал ақша қаражатын аудару туралы құжаттарға қол қойған «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы С.Дарменов аса ірі мөлшерде залал келтіргені есепе алынбай лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін ғана кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотты болды.

Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Облыс прокуратурасының бастамасымен Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық енгізіп, ол толық көлемде қанағаттандырылды және С.Дарменовқа қатысты бастапқы үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс облыстық соттың жаңа қарауына жолданды.

Жаңа қарау кезінде Алматы облыстық соты С.Дарменовты ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағымен кінәлі деп танып, яғни сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлауға жәрдемдесу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.