прокуратураның ұсынысы бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Іле, Қарасай, Талғар, Енбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдіктерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

прокуратураның ұсынысы бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Іле, Қарасай, Талғар, Енбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдіктерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология Депарртаменті мен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізілді.

 Қазақстан Ғарыш Сапары АҚ геопорталы арқылы облыс аумағында 351 стихиялық қоқыс орындары анықталды, атап айтқанда Еңбекшіқазақ ауданы – 61, Іле ауданы – 91, Қарасай ауданы – 56, Талғар ауданы – 33, Қонаев қаласы-85.

Оның ішінде 247 стихиялық қоқыс орны жойылды, 104 қоқыс орны әлі күнге дейін жойылмаған. 

Бұл жағдайда стихиялық қоқыс орындары жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылаудың жоқтығынан ұзақ уақыт бойы жиналатындығы байқалады, бұл көптеген жағымсыз салдарға әкеледі: топырақтың атмосфералық ауаның ластануы, санитарлық жағжайдың нашарлауы.

Бұған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі көптеген сыни сюжеттер дәлел бола алады.

Прокуратураның ұсынысы бойынша экология Департаменті Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласының әкімдерінің басшыларына әкімшілік жауапкершілікке әрқайсысы 100 АЕК-тен 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.