Алматы облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа цифрлық тәсілдерді қабылдауда

Алматы облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа цифрлық тәсілдерді қабылдауда

Алматы облысының прокуратурасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау үшін күнделікті қызметте цифрлық технологияларды белсенді енгізуде.
Мысалы, кәсіпкерлердің, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және денсаулық сақтау саласында сервистік өнімдер әзірленіп, іске қосылды.
Жобаның мәні QR-кодтарды (білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік қызмет объектілері) қолжетімді орындарға орналастыру болып табылады.
Айта кету керек, платформаның жұмысы өте қарапайым. Яғни, сайтқа кіру смартфон камерасын QR кодтарына бағыттау және клиенттік бағдарламаның өрістерін дәйекті түрде толтыру арқылы жүзеге асырылады.
Содан кейін сигнал дереу прокуратура қызметкерлеріне талдау және жедел әрекет ету үшін түседі.
Инновация бизнеске кеңес беру және құқықтық көмек көрсету үшін де қолданыла алады.

Мысалы, Алматы облысы бойынша QR-кодтардың келесі саны орналастырылды:
1. Білім беру мекемелеріне - 562 (оның ішінде мектептерде-485, балабақшаларда-70, колледждерде - 7);
2. Денсаулық сақтау мекемелерінде - 166 (оның ішінде ауруханаларда - 28, емханаларда - 138).

3. Кәсіпкерлікпен айналасатын мекемелерде  1000 нан астам нысанның qr коды орнатылған

Бұл тәсіл прокуратураны халыққа жақындатады және азаматтар үшін қарым-қатынас тәсілдерін едәуір жеңілдетеді, бұл өз кезегінде олардың уақытын үнемдейді және құқықтардың бұзылуына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
​Егер Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда немесе сіз аталған салалардағы бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, QR-кодтарды пайдалана аласыз және одан әрі жұмыс істеу үшін жүктей аласыз және Алматы облысының аумағында осындай фактілер туралы жедел хабарлай аласыз.