Алматы облысының прокурорлары миллиардтаған теңгеге жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтады

Алматы облысының прокурорлары миллиардтаған теңгеге жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтады

       Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс полиция Департаментімен бірлесіп заңсыз карьерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

       Қазіргі уақытта нарықта одан әрі сату үшін пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген осындай 3 карьердің қызметі тоқтатылды, аталған қызметтен жалпы шығын 1 млрд. теңгеден асты.

      Барлық фактілер бойынша облыс полиция Департаменті ҚР ҚК 334-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, жедел-тергеу тобы құрылды.

     Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, оның нәтижелері бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

 

                                                   Алматы облысының прокуратурасы