Алматы облысының прокурорлары казино қызметінде миллиардтаған теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады

Алматы облысының прокурорлары казино қызметінде миллиардтаған теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады

Алматы облысының прокуратурасы Қапшағай су қоймасы аумағында орналасқан ойын мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді.

Айта кететін жайт, ойын мекемелерінің қызметін бұрын ешкім кешенді тексермеген.

Тексерумен 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең қамтылып, нәтижелері бойынша заңнаманың әртүрлі салаларының көптеген бұзушылықтары анықталды.

Казино мен ойын мекемелері алдын ала есептеулер бойынша миллиардтаған теңгеге салық төлеуден жалтарған.

Қазіргі уақытта прокуратураның талабы бойынша салық қызметкерлері жоспардан тыс тексерулер жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша жалтарудың түпкілікті сомасы анықталатын болады.

Ойын автоматтарының барлық залдарында «Ойын бизнесі туралы» Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген, яғни клиентке 95% - дан кем емес ұтыс пайызының сәйкессіздігі анықталды.

Шын мәнінде, ойын автоматтарының жеке залдарында келушілердің ұтыс пайызы 25%, 30% және 51% құрады.

Аталған сәйкессіздік нәтижесінде ойын мекемелерінің үстеме кірісі 2,6 млрд.теңгеден асты, бұл қаражат мекеме клиенттерінің ұтысын құрауы тиіс еді.

Қазір Туризм индустриясы комитетімен біздің талап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-бабымен мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы баптың санкциясымен табысты тәркілеу және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру көзделген.

Ойын автоматтары залының бірінде ел аумағында тыйым салынған интернет-казинолардың жұмыс істеуі анықталды.

Аталған факт бойынша ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ойын бизнесі, еңбек заңнамасы, өртке қарсы және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар саласындағы бұзушылықтар да анықталды.

Прокуратураның талабымен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды тапсыру үшін тексерулер жалғасуда.

 

Прокуратура Алматинской области