Алимент бойынша борышкерлерге қатысты 40 қылмыстық іс қозғалды.

Алимент бойынша борышкерлерге қатысты 40 қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысының прокуратура органдары 2022 жылдың өткен кезеңінде алименттерді қасақана төлемеушілерге қатысты 40 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде 23 іс міндеттемелерді орындауға байланысты тоқтатылды, 9 іс бойынша соттар үкім шығарды, қалған 8 іс бойынша тергеу жалғасуда. Сондай-ақ, 82 борышкерге қатысты әкімшілік істер қозғалды, 58 борышкерлерды сот қамауға алды, 24 айыппұл қолданылды, жалпы соммасы 364 мын теңге.

Мысалы, Талғар ауданының прокуратурасы Р. борышкерге қатысты атқарушылық іс жүргізуді зерделеді, ол сот бұйрығының талаптарына сәйкес 2016 жылдан бастап баланы күтіп-бағуға алимент төлеуге, төлеуден жалтаруға міндетті болды, алимент бойынша берешек 4 млн.теңгеден астам болды.

Аталған факті бойынша прокуратура борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен сотталушы Р. кінәлі деп танылып, оған бір жыл бас бостандығын шектеу және 100 (жүз) сағат мәжбүрлі жұмыс түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы прокурорлық ден қою шаралары бойынша борышкерлер алимент бойынша 168 млн.теңге сомасына борыштарын өтеген.

 

 

                                                    Алматы облысының прокуратурасы