Қаржы пирамидасына еліміздің 12 өңірінен 2824 адам 15 млрд теңге салды.

Қаржы пирамидасына еліміздің 12 өңірінен 2824 адам 15 млрд теңге салды.

Алматы облысының прокурорлары «Елімай-2019» тұтыну кооперативінің басшыларына қатысты қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады.

Тергеу барысында «Елімай-2019» ТК басшылары тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу үшін пайызсыз қарыз беру уәдесімен қаржы пирамидасының қызметіне елдің 12 өңірінен жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеге зардап шеккен 2.824 адамның ақшалай қаражатын заңсыз тартқаны анықталды.

Қатысты тұлғалардың қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде 8 млн. теңге шамасында ақша қаражаттары заңдастырылған.

Қылмыстық іс шеңберінде күдіктілер мен олардың туыстарына тиесілі 15 жер учаскесіне, 5 тұрғын үйге және 5 автомашинаға тыйым салынды, олардың бағалау құны 145 млн. теңгені құрайды, сондай-ақ банктік есеп-шоттағы 85 млн. теңге ақша бұғатталды.

Қылмыстық істің сотта қаралуы облыс прокуратурасының бақылауында.

 

 

                                                    Алматы облысының прокуратурасы