Алматы облысының білім мекемелерінде 120 астам мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған

Алматы облысының білім мекемелерінде 120 астам мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған

         Алматы облысы прокуратурасының органдарымен  өңірдегі қала, аудан білім беру мекемелерінде қызмет атқару мен сапалы білім ұсынуларына қатысты талдау жұмыстары жүргізілді.

        Нәтижесінде, Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмыс атқарғандары анықталды.

Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдалану арқылы жасалған.

Көрiнеу жалған құжатты пайдалану деректері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

        Қазіргі уақытта, қылмыстық қудалау органымен 41 маманға қатысты қылмыстық істер кінәларын мойындауларына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына орай ақталмайтын негіздер бойынша өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды.

81 маманға қатысты қылмыстық істер тергелу үстінде.

                                                                                            

    Алматы облысының прокуратурасы