Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда!

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда!

Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған қадағалауды күшейту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында 27.05.2022 жылы Алакөл ауданының прокуратурасымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы және бақылаушы органдары басшыларының қатысуымен кездесу өткізілді.
Өткізілген кездесу барысында аудан прокуратурасымен ағымдағы жылы бизнес субъектілерінің заңсыз тексеру және олардың басқа да құқықтарын бұзу фактілері анықталып, оларды жою бойынша шаралар қабылданып, 85 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасы уәкілетті органдар тарапынан осындай бұзушылықтарға жол бермеуге назар аударды.
Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар кәсіпкерлердің өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Нәтижесі бойынша, аудан прокуратурасы уәкілетті органдарға кәсіпкерлерді қылмыстық процесс шеңберіне заңсыз тартуға және оларды заңсыз тексеруге жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.