Прокурорлармен заңсыз бизнесті тексергені үшін 150-ден астам мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары және олардың басшылары жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлармен заңсыз бизнесті тексергені үшін 150-ден  астам мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары және олардың  басшылары жауапкершілікке тартылды.

Үстіміздегі жылдың 26 мамырында Алматы облысы прокурорының м.а. М.Ш.Әбдірахмановпен Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кеңес өткізілді, онда Палатамен ағымдағы жылы бизнесті қорғау бойынша бірлескен жұмыстың нәтижелері айтылды.
2022 жылдың 5 айында мобильдік топқа бизнесті заңсыз тексеру туралы 80 сигналы келіп түскен, оның 50-і оң шешілген. Прокурорлық қадағалау шараларымен кәсіпкерлерге 253 заңсыз тексеру жүргізуге жол берілмеді, заңсыз тексерулер жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы мемлекеттік органдардың екі басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік органдардың бизнес құқықтарына нұқсаң келтіретін 312 заңсыз актілерінің күші жойылды, 18 кәсіпкерге қатысты мемлекеттік органдардың шектеулерінің күші жойылды. Жіберілген бұзушылықтар үшін 120 адам әкімшілік жауапкершілікке, ал 38 түрлі деңгейдегі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 3 190 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.
Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін СДТБТ-де ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдарына қатысты материал тіркелді.
Өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасының басшысы облыс прокуратурасына көп жылғы бірлескен жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, кеңесте қадағалау органының жедел араласуын талап ететін облыс бойынша бизнестің аса өткір проблемалары айтылды.
Нәтижесінде прокуратура органдары мен Кәсіпкерлер палатасына назар аудару қажет үш бағыт анықталды.
Біріншіден - бұл бизнеспен бірлесіп, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу және кедергі келтіру фактілерін анықтау және жою. Заңсыз тексерулерді тағайындау және жүргізгені үшін лауазымды адамдарының әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беру қажеттілігі. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту.
Екіншісі - бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тарту фактілеріне жол бермеу.
Үшінші - соттардың азаматтық істерді қарауы кезінде бизнесті қорғауға және кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға баса назар аудару.
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.