Тұтынушылардың құқықтары қорғалды.

Тұтынушылардың құқықтары қорғалды.

Талдықорған қаласы прокуратурасымен «Талдықорғанжылусервис» ШЖҚ КМК қызметінде антимонополиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізілді.

Нәтижесінде аталған кәсіпорынмен жылу пайдалану бағасын көтеру арқылы 32 687 тұтынушылардың құқықтары бұзылғандығы анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жеке тұлғаларға 1 Гкал үшін бекітілген төленетін ақша сомасы 262 теңгеге немесе 11% дейін азайды            (2372 теңгеден 2110 теңгеге дейін).

Сонымен қатар, тұтынушылардың пайдасына жылу тарифтері 7,9 млн теңгеге қайта есептелді.  

Анықталған заң бұзушылықтарға жол бергені үшін «Талдықорғанжылусервис» ШЖҚ КМК 5 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтҚ-нің 164 б. 4 т.).

 

 Талдықорған қаласының прокуратурасы