Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі

26.05.2022 жылы Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операцияның нәтижесі бойынша полиция департаменті қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан бұрын ұрланған 18 патроны бар 6 Макаров тапаншасын, сондай-ақ 1 Калашников автоматын тауып, тәркіледі.
​Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілген кешенінің нәтижесінде 2 күдіктінің тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ арнайы жабдықталған схронда жоғарыда аталған қару табылды.
​Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды, ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сондай-ақ ұсталғандар басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексерілуде.
​Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.