Облыс прокуратурасымен «Жетысу Медиа» ақпараттық алаңында "Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы прокуратураның рөлі" тақырыбы бойынша Брифинг өткізілді.

Облыс прокуратурасымен «Жетысу Медиа» ақпараттық алаңында "Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы прокуратураның рөлі" тақырыбы бойынша Брифинг өткізілді.

Қазіргі уақытта қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың мақсаты еңбек қатынастарын заңнамалық және шарттық реттеу тәртібімен белгіленген барлық еңбек құқықтары мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбек құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау біздің басымдықтарымыздың бірі болып табылады.

Қадағалау қызметінің негізгі бағыты жалақы бойынша берешекті қалыптастыру және өтеу болып табылады.

Облыс бойынша жағдайға қатысты бүгінгі күні біз 71 млн.теңге сомасына 77 жұмысшының алдында 3 банкроттық кәсіпорында қарыздар бар.

Ол үшін біз ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз, еңбек заңнамасын бұзушылықтарға байланысты сот актілерін, атқарушылық іс жүргізуді және өзге де алынған мәліметтерді зерделейміз. Бұл жұмыста бұқаралық ақпарат құралдарына да маңызды рөл беріледі, Олардың жарияланымдары мен мақалаларынан бұзушылықтардың бар-жоғын анықтауға болады.

Жалақы бойынша берешек анықталғаннан кейін жергілікті атқарушы органды осы мәселені үш жақты комиссияда қарау туралы, ал уәкілетті органды тексеру жүргізу туралы бағдарлаймыз. Есептеудің жалғандығын тексертеміз.

Жұмыс қорытындысы бойынша берешектің пайда болу проблемаларын айқындау, уәкілетті органның іс-әрекеттерінің заңдылығын бағалау, қабылданған шаралардың толықтығын тексеру қажет. Кінәлілерді жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау және анықталған заң бұзушылықтарды жою тетіктерін ұсынамыз.

 Мысалы, Жамбыл ауданындағы кәсіпорындардың бірімен болған жағдайды мысал ретінде келтіре аламын.

БАҚ-тан ҒЗИ филиалының ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлемеу фактісі анықталды.

70 қызметкердің алдында 17 млн. теңге сомасында қарыздар қалыптасты.

Тексеру барысында ақпарат расталып, облыстық еңбек инспекциясының атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгіздік.

Қаралу нәтижесі бойыншы, барлық қарыздардың өтелуі қамтамасыз етілді.

Немесе басқа жағдай Еңбекшіқазақ ауданында орын алды.

Салыстыру барысында Мемлекеттік кірістер департаменті "AlmaGreenFields" ЖШС-не ағымдағы жылдың қаңтар, ақпан айларындағы 35 жұмысшының алдында 2,8 млн теңгеге қарызын белгіледі.

Тексерудің қорытындысы бойынша жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қарызды толық көлемде төледі.

 Спикермен еңбек саласы бұл жалақы төлеу ғана емес, Еңбек кодексінде қарастырылған басқа да көптеген құқықтары мен жұмыс берушілердің міндеттері барын айттып өтті.

Жақында біз облыстың "Көксу қант зауыты" және "Текелі тау-кен өңдеу кешені"сияқты екі ірі кәсіпорнында тексеру жүргіздік.

Еңбек заңнамасының өзге де бұзушылықтары анықталды, атап айтқанда, бұл кәсіпорындарда еңбек қатынастары тоқтатылған кезде көзделген төлемдер уақтылы төленбеуі, еңбек демалысы уақтылы берілмеуі, қауіпсіздік қызметі міндетті түрде кіріспе нұсқамалар жүргізбеді, арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілмеді, тәртіптік жаза қолдану тәртібі бұзылған.

Барлық заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актілері енгізілген.

Сонымен қатар, жақында біз уәкілетті органды тарта отырып, облыстың бірнеше кәсіпорындарында еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргіздік, оның барысында кемсітушілік фактілері анықталды.

Мысалы, кәсіпорындардың бірінде жұмысшылардың бір бөлігі басқа қызметкерлермен салыстырғанда ұзақ жұмыс күнін өткізді. Олардың лауазымдары, еңбек жағдайлары және міндеттері бірдей болды.

Уәкілетті орган жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, кемсітушілік жойылды.

Осы әрекеттердің барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 90-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Соңғы уақытта кәсіпорындарындағы еңбек даулары жиілеп кетті.

Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге көшеді.

Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы.

Алайда, бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады.

Осыған байланысты, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттелетінін түсіндіреміз.

Алматы облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерін қорғау басқарма бастығының орынбасары Е.Асанов сөзді қортылай келе, азаматтарға жұмысқа тұрар алдында ең бірінші кезекте жеке еңбек шартын жасасуға шақырды. Бұл шар кейін еңбек дауы пайда болған кезде оны дұрыс шешудің кепілі болады.

Біздің тәжірибемізде жалақы төлету немесе еңбек құқығының басқа да талаптарын жұмыс беруші тарапынан бұзылғандығы жөнінде арыздар түседі.

Уәждерді тексеру барысында еңбек шарты жасалынбағаны анықталады. Мұндай жағдайда азаматтарға тек сотқа азаматтық құқықтық тәртіппен жүгіну құқығын  түсіндіреміз.