Әкімшілік іс жүргізу бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы

Әкімшілік іс жүргізу бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімінің (ӘІБТ) жария секторы арқылы әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыс функционалын іске асырды.

Осы функционал процеске қатысушылардың ыңғайлылығы мен уақытын үнемдеу үшін құрылған. Оның көмегімен әкімшілік іс бойынша арызды немесе шағымды (өтінішті) тікелей оны қараған органға бере алады және уақтылы жауап ала алады.

Өтініштер Qamqor.gov.kz ақпараттық сервистің «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағым жасау» қосымшасы арқылы жолданады. Өтінішті тек әкімшілік процестің қатысушысы ғана өзінің электрондық -цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) көмегімен авторландыру арқылы бере алатынын атап өту қажет. Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Функционал сұрақтың мәнін баяндауға және іс бойынша растайтын құжаттарды бекітуге мүмкіндік береді. Қарау нәтижелері өтініш берушінің e-mail поштасына электрондық хатпен, сондай-ақ оның ұялы телефон нөміріне жолданатын болады.

Пайдаланушының авторизация және шағым беру бойынша қадамдық нұсқаулығы Qamqor.gov.kz ақпараттық сервистің «Әкімшілік құқық бұзушылықтарға шағым жасау» қосымшасында орналастырылды.

Сонымен қатар әкімшілік іс жүргізу шеңберінде мәліметтерді алу бойынша Qamqor.gov.kz сервисінің бірқатар пайдаланушы функциялары жақсартылды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап қатысушылар әкімшілік іс жүргізуді қарау немесе шағымдану кезінде істің материалдарымен, сондай-ақ бұзушылықтар бойынша нұсқамалармен, фото-бейне тіркеу құралдарымен тіркелген және іске тіркелген файлдармен танысуға, оларды жүктеуге мүмкіндігі болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz