Алматы облысының прокуратурасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Алматы облысының прокуратурасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды

Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаева көшесі 51, анықтама телефоны: 8 (72 82) 24-17-81. Электрондық пошта:  7282383@prokuror.kz,  БИН 970740001291.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап           7 жұмыс күні.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) Қағидаданың  2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (қосымша тіркелді);

         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

         4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

         5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

         10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

         Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

          жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға  арналған конкурсты өткізу Қағидасының 91-тармағына сәйкес, басшылық лауазымға үміткерлер конкурс комиссиясының айқындаған тақырыптарының біріне эссе жазады. Эссе конкурс Комиссиясымен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан және 100 сөзден кем болмауы тиіс.

  1. Алматы облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Білімі: Жоғары құқықтық білім немесе жоғары техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) туралы білім.

         Функционалдық міндеттері: Прокуратура органдарының ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұйымдастырушы-реттеуші құжаттарды әзірлеуге қатысады; облыс прокуратурасы органдарының ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарының қызметкерлеріне консультация береді; ақпараттық қауіпсіздікке талдау жүргізеді, ақпараттық қауіпсіздікті одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгізеді; есептеу техникасының құралдарын пайдаланумен ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүргізеді; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша прокуратура органдарында тексерістер жүргізуге қатысады; ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады; өз өкілеттілігі шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласында жобалардың іске асырылуына және орындалуына бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді; желіні асыра пайдалану жағдайларында және олар бойынша қабылданған шаралар туралы басшылықты уақтылы хабардар етеді;

жүйелі ақпарат журналын жүргізеді, облыс прокуратурасының ақпараттық ресурстарына қол жеткізу құқықтары (парольдар, қол жеткізу құқығы) туралы ақпараттарды сейфте сақтауды қамтамасыз етеді; облыс прокуратурасы желісінің (ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден, жүйелі файлдар мен деректерді қараудан немесе өзгертуден қорғайды) қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; вирустық атакаларға қадағалау бойынша Qradar жүйесінде күнделікті мониторингі және де айқындалған бұзушылықтар бойынша талдау жүргізуді; құпия іс жүргізу өндірісі бойынша вирусқа қарсы бағдарламаларды жаңарту жөнінде жұмыс атқаруды; прокуратура органдарының ғимараттарында бейнебақылауды және кіруді басқаруды және бақылауды,  күзет-өрт дабылдары жүйелерінің қызметін қамтамасыз етуді.

Жүйедегі кемшіліктерді жою үшін облыс прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөліміне өтінімді уақытылы беруді немесе олар болмаған жағдайда орналастыруды; прокуратура ғимараттарына қызметкерлер мен келушілердің кіруі мен шығуы кезінде рұқсат карточкасын пайдалануларына тұрақты бақылау жүргізуді; рұқсат карточкасын пайдалану ережесін бұзу туралы актісін әзірлейді және тәртіптік сипатта тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолдайды; компьютерлік техника үшін материалдық жауап береді;  ішкі қауіпсіздік, кадр жұмысы және тиісті органдар қызметкерлерімен бірлесіп, күзет-өрт қауіпсіздігін, бақылау-рұқсат режимдерін сақтау жөнінде қауіпсіздік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері үшін семинарлық оқу өткізеді.

Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес электронды баға ұсыныстарын сұраулар, бір көзден алу, конкурстар тәсілімен мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V “Мемлекеттiк сатып алу туралы” заңына сәйкес тиісті құжаттарды әзірлейді.

Сатып алынатын компьютерлік және перифериялық жабдықтардың  бекітілген техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеруді ұйымдастырады.

Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді, " Мемлекеттік сатып алу мониторингі"  ақпараттық жүйесін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.          Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын мониторинг жасайды. Орындалмаған азаматтық-құқықтық міндеттемелер (келісімшарт) бойынша талаптар мен жобаларын дайындайды.

 

Әңгімелесу уақыты мен орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы,  Төлебаев көшесі 51 үй, Алматы облысы прокуратурасының ғимараты 3 этаж,  305 бөлме. Байланыс телефоны 8 7282 24 17 81.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан                                                                                             

 

Алматы облысының прокуратурасына

_____________________________________


                                                                                  (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

       Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

       Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________

 

__________________________________________________________________

 

                           

_______________________________________

________________

       (қолы)тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))   

 

 

   "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)  
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы / должность, санаты / категория
(болған жағдайда / при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)
Национальность (по желанию)



3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетел тілдерін білуі
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болғанжағдайда)  Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері  должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні / дата