Шығыс аймақтық» чемпионат

Шығыс аймақтық» чемпионат

Жер жаннаты Жетісуда Еліміздің прокуратура органының қызметкерлері арасында шағын футболмен волейболдан "Шығыс аймақтық" чемпионаты өтті.
Оған Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының командалары қатысты. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жарыс 2 күнге созылды.
Шағын футбол бәсекесінде Алматы облысы прокуратурасының командасы бас жүлдені жеңіп алды. Осылайша біздің құрама командамыз ел біріншілігінің финалдық кезеңіне жолдама алып, 2021 жылдың 8-10 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық ойындарда бақ сынасады.
Волейбол сайысынды біздің ойыншылар қола жүлдеге ие болды.


Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі