Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады.

Алматы облысы прокуратура органдарының мобильдік топтары жер беру, құрылысқа рұқсат беру және қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту деректері бойынша 30 кәсіпкердің құқықтарын бұзудың жолын кесті.

Мәселен, «Маревен Фуд» ЖШС-нің шағымы бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Мемлекетке залал келтірілмегеніне қарамастан, тергеу ҚПК нормаларын бұза отырып жүргізілген.

Панфилов ауданының әкімдігі 26 шаруа қожалығына жер телімдерін заңсыз бес жылдық жалдау мерзімін белгілеген, алайда заң талаптарында көрсетілген мерзім 10 жылдан 49 жылға дейін.

Басқа жағдайда, Талдықорған қаласының сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті органы 3 кәсіпкерге коммерциялық нысандардың құрылысына рұқсат беруден негізсіз бас тартты.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтар жойылды, құқықтар қалпына келтірілді және кінәлі адамдар жазаланды.