"Заңсыз тексеріске жол кесілді»

"Заңсыз тексеріске жол кесілді»

    Бизнес субъектісінің қызметіне заңсыз тексеру жүргізгені үшін Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасымен мемлекеттік кіріс басқармасының бас маманына қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

    27.11.2020 жылы аудан сотымен заң бұзушылыққа жол берген қызметкерге 55 560 теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Сонымен, 06.11.2020 жылы мобильді топқа мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкері кәсіпкердің дүкеніне барып заңсыз тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына келген мобильды топпен аталған ақпарат расталып, аудан прокуратурасының шұғыл әрекетерінің арқасында заңсыз тексерудің жолы кесілді.