"Бизнес дамуына кедергілер жойылды»

"Бизнес дамуына кедергілер жойылды»

    Жергілікті атқарушы органдардың іс - әрекетіне 23 кәсіпкер наразылығын білдіріп аудан прокуратурасына шағымданған.

    Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жеке кәсіпкерлерге бірқатар кедергілер тудыратыны анықталды.

    Жергілікті атқарушы органдарымен құрылған комиссиясының оң қорытындысына қарамастан, кәсіпкерлермен мемлекеттік грант төлемін аудару бойынша шарт жасалмаған.

    Анықталған бұзушылық фактілері бойынша заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесінде жеке кәсіпкерлермен келісім шарттар жасалып, 12 788 000 теңге мөлшерінде грант сомасы төленді.

    Сондай-ақ, аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.