Алматы облысында бір миллионнан астам ағаш отырғызылуы тиіс еді

Алматы облысында бір миллионнан астам ағаш отырғызылуы тиіс еді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  аясында облыстың Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы ағаштарды өтемдік отырғызу кезінде заңнама талаптарының орындалуына талдау жүргізді. Талдау жасыл желектерді кесуге рұқсат беру кезінде көзделген 1 миллионнан астам көшетті отырғызу міндеттемелерінің толық көлемде орындалмағанын көрсетті.

Соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мың ағаштан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берді. Неғұрлым ауыр бұзушылықтар Еңбекшіқазақ ауданында анықталды, онда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілді, бұл ретте өтемдік отырғызу толық орындалмады.

Талдау қорытындысымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралардан кейін қазірдің өзінде 150 мыңға жуық ағаш отырғызылды, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар, облыстың жасыл қорын толық түгендеу және көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мәселелерін пысықтау бастамашылық жасалды. Бұл мәселе облыс прокуратурасының бақылауында.