Алматы облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды тұрақты түрде сүйемелдеп, инвесторлардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуде. Биыл алты айда прокурорлар жалпы құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін жобаларды жүзеге асырып жатқан 28 инвестордың 30 проблемалық мәселесін шешті.
Прокурорлық сүйемелдеу аясында бақылау-қадағалау органдары жүргізген 6 заңсыз тексеру мен салынған 3 әкімшілік айыппұлдың күші жойылды. Сонымен қатар инвесторларға 4 жер учаскесі беріліп, электр желілеріне қосылуға 2 техникалық шарттың рәсімделуі қамтамасыз етілді.
Инвесторларға әкімшілік кедергі келтіргені үшін 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа, 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратураның қабылдаған шараларының нәтижесінде 100-ге жуық инвестор Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілді. Бұл оларға прокурорлық қорғау тетіктерін, оның ішінде «прокурорлық сүзгіні» қолдануға мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде прокуратура инвесторларға қатысты 3 тексеруді, 10 әкімшілік хаттаманы және 11 шектеу сипатындағы шараны келісуден бас тартты. Сонымен қатар мемлекеттік органдар прокурормен келісілмей сотқа берілген 2 талап-арызды кері қайтарып алды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме: