Бесағаш тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Бесағаш тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Алматы облысында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүзеге асыруда.

Осылайша, Талғар ауданының Бесағаш ауылында су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Талғар ауданының прокуроры нысанға барып, жобаның іске асырылу қорытындыларымен танысты.

Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізіп, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары толық көлемде аяқталып, нысан пайдалануға берілді.