Есірткіге қарсы күрестің халықаралық күніне орай Алматы облысының Қонаев қаласында есірткінің алдын алу айлығының жабылу рәсімі өтті.
Алматы облысының прокуратурасының бастамасымен полиция және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыруға және есірткіге деген теріс көзқарасты нығайтуға бағытталған кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Айлық қорытындысы бойынша 52 профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 5 мыңнан астам адам қамтылды.
Сонымен қатар, заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жасау және ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметінің жолын кесу бойынша жүйелі түрде шаралар қабылдануда.
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі заттар, оның ішінде 70 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді.
5 жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 74 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Есірткі қылмысының қаржылық негізін жою мақсатында дропперлердің шоттарындағы шамамен 100 млн теңге бұғатталып, есірткі таратушылардың жалпы құны 500 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынды.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және жүйелі негізде жүргізілетін болады.
#Заң_мен_тәртіп
#Жауапкершілік