Талғар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен және полиция бөлімшелерімен бірлесіп, заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау, сондай-ақ абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу және жолын кесу бағытында тұрақты түрде іс-шаралар жүргізуде.
Тұрғындардың өтініштері негізінде аудан аумағында 5 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оларды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.
Кезекті рейд барысында Талғар қаласының аумағында санитариялық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 5 әкімшілік хаттама толтырылды.
Ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 70-тен астам тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Талғар ауданының прокуратурасы тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге шақырады.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.