Кеген ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бұрынғы бас маманы «К» сенімге кіріп, өзінің лауазымдық жағдайына сілтеме жасай отырып, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер учаскесін алуға жәрдемдесуге уәде бергені анықталды.
Осылайша, ол кәсіпкерлерден жалпы сомасы 20 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатты иемденген.
Аталған факті бойынша Кеген ауданының прокуратурасы 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Қылмыстық істі тергеу Кеген ауданының полиция бөліміне тапсырылды.