Іле ауданының прокуратурасы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында заңсыз қоқыс үйінділерін жою және олардың пайда болуының алдын алу бойынша жұмыстарды үйлестіруді жалғастыруда.
Ғарыштық түсірілімдерді талдау, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен өтініштер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде қалдықтарды заңсыз орналастырудың 23 фактілері анықталды.
Табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция органдарымен рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 50-ден астам тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актілері негізінде бақылауды тиісінше жүзеге асырмағаны үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға тиісті айыппұлдар салынды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аумақтарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша шаралар қабылдануда.
Аталған бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.