Іле ауданының прокуратурасы «Айқын нәтиже» жобасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізуде.
Талдау нәтижесі ойын-сауық орындарында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері, оның ішінде төбелестер мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерісіз түнгі уақытта жүру жағдайлары жиі орын алатынын көрсетті.
Осыған байланысты аудан прокурорымен танымал ойын-сауық орындарының иелерімен профилактикалық кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, 20 мекеме иесімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.