Қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік прокуратураның бақылауында

Қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік прокуратураның бақылауында

Қарасай ауданы прокуратурасымен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «Айқын нәтиже» жобасын іске асыру барысы бойынша жедел кеңес өткізілді.

Кеңеске құқық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудан аумағындағы криминогендік жағдайға талдау жасалып, қылмыстың өсуіне әсер ететін негізгі себептер мен жағдайлар қаралды. Сонымен қатар, мүліктік қылмыстардың, оның ішінде алаяқтық пен ұрлықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту, бейнебақылау жүйелерін дамыту және халықпен профилактикалық жұмысты жандандыру мәселелері талқыланды.

«Айқын нәтиже» жобасы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, криминогендік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қосымша шаралар айқындалды. Жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аудан аумағындағы қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру жөнінде шешімдер қабылданды.