Талғар ауданының прокуратурасымен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен (бұдан әрі - Бөлім) бірлесіп, жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға аудан мектептерінің 300-ге жуық оқушысы қатысып, Бөлім қызметінің жұмысымен танысты.
Экскурсия барысында оқушыларға арнайы техника мен құрал-жабдықтар көрсетіліп, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі, сондай-ақ, Үлкен Алматы каналы аумағында балаларға су айдындарының маңындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері мен төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты кәмелет жасқа толмаған тұлғалар арасында жазатайым оқиғаларды алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталған бағыттағы профилактикалық шаралар жалғасуда.