Алматы облысында «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Алматы облысында «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Алматы облысының прокуратурасы құқықтық сауаттылықты арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Саналы Ұрпақ» жобасы аясында өңір колледждерінің 200-ге жуық студентін қамтыған бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Студенттер үшін Allur Auto және Mascot кәсіпорындарына көшпелі экскурсиялар ұйымдастырылып, олар өндірістік процестермен, еңбек жағдайларымен және заманауи кәсіпорындардың жұмыс ерекшеліктерімен танысты.

Іс-шара барысында жастар жұмысшы мамандықтары мен өндірісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері туралы тәжірибелік мәлімет алды.

Жазғы демалыс қарсаңында облыстағы  «Ақ Бұлақ» балалар сауықтыру лагерінің базасында тәлімгерлер мен лагерь басшыларының қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жоба аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Қоғамдық орындарда, компьютерлік және ойын клубтарында, ойын-сауық мекемелерінде және сауда нысандарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүруі және алкоголь өнімдерін өткізу қағидаларын бұзу фактілері анықталды.

Жобаны іске асыру жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, жауапкершілік сезімін дамытуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпақтың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етеді.