
Іле ауданы прокуратурасымен «Қауіпсіз каникулдар» акциясы аясында 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-ана мен мемлекеттің диалогы» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Іс-шара Алматы облысының жалпы білім беру мектептерінде прокуратура, полиция және білім беру бөлімі өкілдерінің қатысуымен өткізілді.
Кездесу барысында ата-аналарға жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, сондай-ақ балалардың бос уақытын бақылауды күшейту мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, отбасы, мектеп және мемлекеттік органдардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзара іс-қимылы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
#Заң_мен_тәртіп