БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

Алматы облысының прокуратурасы Райымбек ауданының Тегістік ауылында он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды.

Облыс прокуратурасының бастамасымен қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету мақсатында іс Қонаев қаласының полиция басқармасына тергеуге берілді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті тұлғалардың шеңбері анықталып, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (ИВС) қамалды. Қалған күдіктілер бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы облыс прокурорының ерекше бақылауында.