Микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарды тексеру нәтижелері туралы

Микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарды тексеру нәтижелері туралы

Қазақстанда жекелеген қаржы ұйымдарының қызметінен 17 мыңға жуық азамат зардап шекті, оларға 21 млрд.теңгеден астам сомада залал келтірілді. Ломбардтардың басшылығымен алаяқтар іс жүзінде қаржы пирамидаларын ұйымдастырды.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (бұдан әрі - агенттік) бірлесіп, 350-ден астам ломбардтар мен онлайн-кредиторлардың қызметіне тексеру жүргізді.

Жасырын комиссиялар құру, микрокредиттер бойынша сыйақының пайыздық ставкасын көтеру және кепіл заттарын негізсіз сату түрінде қарыз алушылардың құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Жосықсыз ұйымдарға қатысты тексеру қорытындысы бойынша 70 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салумен 910 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Агенттік 150 ұйғарым енгізді, олар бойынша қарыз алушыларға 130 млн.теңгеден астам қайтарылды.

Бүгінде қарыз алушылардан сыйақы мен тұрақсыздық айыбын қоспағанда, микрокредиттер беру кезінде кез келген төлемдер мен комиссияларды алуға тыйым салу заңнамалық түрде белгіленген.

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржы қызметін міндетті лицензиялау енгізіледі. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Толығырақ сілтеме бойынша https://www.youtube.com/watch?v=N5h2kiyKbBU