Бақытты және қауіпсіз балалық шақ

Бақытты және қауіпсіз балалық шақ

Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы облысының прокуратурасы «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.

Мерекелік шаралардың мақсаты – ерекше назар мен қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қамқорлық пен жылулық атмосферасын қалыптастыру.

Осыған орай мобильді топтардың қатысуымен отбасылардың тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізіліп, азық-түлік пен көмір түрінде көмек көрсетілді.

Балалар үшін мәдени-ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылып, сыйлықтар мен тәттілер табысталды. Жалпы жоба аясында 10 мыңнан астам балалардың құқықтары қорғалды.

Бүгінгі таңда мобильді топтардың жұмысымен 5 мыңнан астам бала араланып, шамамен 300 отбасыға қажетті әлеуметтік көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 559 ата-ана жұмыссыз ретінде тіркеліп, 349 ата-анаға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін қажетті қолдау көрсетілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.