Әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілер жоғары тарифтер бойынша төлем жасаған

Әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілер жоғары тарифтер бойынша төлем жасаған

Талғар ауданы прокуратурасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге түсетін тарифтік жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылданды.

Прокуратурамен жүргізілген талдау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін 33 кәсіпкердің тарифтік жеңілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдауды алмағаны анықталды.

Тарифтік дифференциация тұтыну шарттарына, оның ішінде тұтынушылар топтарына қарай әртүрлі тариф деңгейлерін белгілеуді көздейді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің қорытындысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 31,85 теңге мөлшерінде жеңілдетілген тариф көзделген.

Алайда Талғар ауданы аумағында 33 кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Амиран» және «FreshFruit Kazakhstan» сияқты ірі инвесторлар, электр энергиясы үшін жеңілдетілген тарифтің орнына орташа 37,75 теңге тарифімен төлем жасаған, бұл белгіленген әлеуметтік тарифтен едәуір жоғары екенін атап өткен жөн.

Жеңілдетілген тарифтің қолданылмауы азық-түлік өнімдерінің өзіндік құнының өсуіне әкеледі, халық үшін бағаның өсу қаупін туғызады және өндірушілердің қаржылық тұрақтылығын төмендетеді.

Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде небәрі 1 ай ішінде өндірушілердің электр энергиясына жұмсалатын шығындары 2,8 млн теңгеге қысқарды, ал жылдық үнем 33,6 млн теңгені құрайтын болады.

Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.