Қарасай ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.
Ауданда құны 343 млрд теңгені құрайтын, 9 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға бағытталған 11 инвестициялық жоба іске асырылуда.
2025 жылы прокуратура 5 жоба бойынша рұқсат құжаттарын алу және инженерлік желілерге қосылу мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етті.
Заңсыз кедергілерге жол берген лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылды.
Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратураның тұрақты бақылауында.