Қауіпсіз жолдар – ортақ жауапкершілік

Қауіпсіз жолдар – ортақ жауапкершілік

«Қауіпсіз жол қозғалысы» жобасын іске асыру аясында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жол қозғалысы қағидаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейдтер барысында жүргізушілермен, жолаушылармен және жаяу жүргіншілермен нысаналы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы қағидаларын бұзу фактілері анықталды.

Жол қозғалысының әрбір қатысушысы тек өзінің қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен қатар жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік көтереді.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы азаматтарды жол қозғалысы қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға, қауіпті және агрессивті жүргізуден бас тартуға, жылдамдық режимін мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ жолдарда өзара құрмет пен жауапкершілік танытуға шақырады.

 #Заң_мен_тәртіп