Жастар қылмыстарға қарсы

Жастар қылмыстарға қарсы

Алматы облысының прокуратурасы мектеп оқушылары және студенттермен кездесулер өткізді.

Іс-шарада белгілі спортшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәртіптің маңызын атап өтті және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Қатысушыларға Алматы облысы прокуратурасы түсірген «Қабырға артындағы балалық шақ» деректі фильмі көрсетілді, сондай-ақ сотталғандармен кездесулер ұйымдастырылып, қылмыстың салдары мен «оңай ақшаға» ұмтылудың қаупі жайлы шынайы оқиғалармен баяндалды.

Кездесуге 200-ден астам оқушылар мен студенттер қатысты, іс-шара ашық диалог форматында өтті және жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

#Заң_мен _тәртіп