Алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салу – қоғамдық қауіпсіздік мәселесі

Алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салу – қоғамдық қауіпсіздік мәселесі

Заң талаптарына сәйкес алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салынған.

Аталған тыйымға қарамастан, прокурорлар қоғамдық өкілдермен бірлесіп алкоголь өнімдерінің белгіленбеген уақытта сатылуының 38 дерегін анықтады.

Соның ішінде бір жағдайда алкоголь 21 жасқа толмаған тұлғаға сатылғаны анықталды, бұл заңның өрескел бұзылуы болып табылады. Кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, сондай-ақ лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру түріндегі жауаптылық көзделген.

Алкогольді тұтыну көбіне ауыр салдарға әкеп соғады.

Атап айтқанда, 2025 жылы Іле ауданы аумағында алкогольдік масаң күйде 81 қылмыстық құқық бұзушылық жасалып, 28 тұлға нақты бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Әрбір осындай жағдай, сырттай қарағанда «елеусіз» көрінетін — алкогольді заңсыз сатудан басталады.

Прокуратура сауда нысандарын заң талаптарын қатаң сақтауға, ал тұрғындарды алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Заң_мен_тәртіп