Жамбыл ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп директорлары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Аталған жиын барысында кәмелетке толмаған балаларға қатысты профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы мектептерде оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара балалардың құқықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Балалар – тәуелсіз еліміздің ертеңі. Олардың тәрбиесі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасау-қоғамның басты жауапкершілігі.
#Заң_мен_тәртіп